Авторларға арналған нұсқаулық

  1. Журналға мақала беру үшін авторлар https://philological.korkyt.edu.kz веб-сайтына тіркеліп өз мақалаларын жүктеуі тиіс.
  2. Жарияланым тілі: қазақ, ағылшын, орыс.
  3. Мақаланың көлемі – метадеректерсіз 5-8 бет.
  4. Мақала мәтіні келесі тәртіп бойынша рәсімделеді:
    • Автордың/авторлардың аты-жөні (екі және одан көп авторлар болған жағдайда *Байланыс үшін автор көрсетіледі), беттің ортасында, қалың кіші қаріптермен жазылады
    • Қызмет орны, қаласы, елі, электронды поштасы; беттің ортасында, курсивті қаріп. • Мақаланың атауы – беттің ортасында, шегініссіз, қалың кіші қаріптер.
    • Аннотация (180-200 сөз). Мақала тіліндегі тірек сөздер (9-10 сөз).
    • Мақала мәтіні..........
    • Әдебиеттер тізімі (мақала тілінде) және Reference ағылшын тілінде.
    • Аннотация және тірек сөздер басқа екі тілде (таяу және алыс шетел авторлары бұл деректерді ағылшын және орыс тілдерінде бере алады, қазақ тіліне журналдың редакциясы аударады).
    • Мақала соңында автор туралы ақпарат үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс): аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ЖОО (ғылыми ұйым) атауы, мекен-жайы, қаласы, елі және Orcid немесе Scopus ID болуы міндетті.
  5. Мәтінді, формулаларды және кестелерді теру үшін Windows жүйесіне арналған Microsoft Word редакторы пайдаланылады. Мәтін редакторының параметрлері: барлық шеті – 2 см; ені бойынша теңестіріледі; қарпі – Times New Roman, өлшемі – 12; жоларалық интервал – 1,15; абзацтық шегініс – 1 см; беттің кескіні – кітап үлгісінде.
  6. Әдебиеттер тізіміндегі тиесілі дереккөздерге жасалатын мәтіндегі сілтемелер шаршы жақша ішінде бірінші авторы, басылған жылы, бет(тер) саны көрсетіліп рәсімделеді, мысалы:
  7. 1. [Ваджибов, 1999: 45] немесе [Ваджибов, 1999: URL]
    2. Егер 2 немесе одан да көп автор болса:
    а) [Ваджибов және т.б., 1999: 45] немесе ә) [Шаймерденова, Аманжолова, Бурибаева, 2021: 10].
    3. Егер тікелей сілтеме жасалмаған болса: [Ваджибов, 2022]. Тізімнің қарпі – Times New Roman, өлшемі – 12, абзацтың алғашқы тармақ шегерімі –1,25 см, жолдан жолға көшу арқылы ені бойынша теңестіріледі.
  8. Әдебиеттер тізімі екі үлгіде:
  9. 1) мақала тілінде алфавиттік рет бойынша нөмірленбей беріледі;
    2) латынша транслитерациясы, оның шеңберінде тік жақша ішінде ағылшын тіліндегі аудармасы ұсынылады (Reference үлгісін қараңыз).
  10. Талаптар ғылыми шолулар, рецензиялар мен есімнамаларға қатысты да қолданылады.
  11. Қолжазба орфографиялық және синтаксистік қателердің болмауы мен техникалық безендіру тұрғысынан мұқият тексерілуі тиіс. Техникалық талаптарға сай келмейтін мақалалар пысықтауға қайтарылады. Пысықтауға қайтару қолжазба жариялануға қабылданған жоқ дегенді білдірмейді. Мақаланы безендіру үлгісі ХҒТАР 03.91.03 (мына сілтеме бойынша анықталады: http://grnti.ru/).