Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Журналға мақала беру үшін авторлар https://vestnik.korkyt.kz/ веб-сайтына тіркеліп өз мақалаларын жүктеуі тиіс.

Жарияланым тілі: қазақ, ағылшын, орыс.

Мақаланың көлемі – метадеректерсіз 5-8 бет.

Мақала мәтіні келесі тәртіп бойынша рәсімделеді:

  • Автордың/авторлардың аты-жөні (екі және одан көп авторлар болған жағдайда *Байланыс үшін автор көрсетіледі), беттің ортасында, қалың кіші әріптермен жазылады.
  • Қызмет орны, қаласы, елі, электронды поштасы; беттің ортасында, курсивті қаріп.
  • Мақаланың атауы – беттің ортасында, шегініссіз, қалың кіші әріптер.
  • Аннотация (180-200 сөз). Мақала тіліндегі тірек сөздер (9-10 сөз).
  • Мақала мәтіні..........
  • Әдебиеттер тізімі (мақала тілінде) және Reference ағылшын тілінде.
  • Аннотация және тірек сөздер басқа екі тілде (таяу және алыс шетел авторлары бұл деректерді ағылшын және орыс тілдерінде бере алады, қазақ тіліне журналдың редакциясы аударады).
  • Мақала соңында автор туралы ақпарат үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс): аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ЖОО (ғылыми ұйым) атауы, мекен-жайы, қаласы, елі және Orcid немесе Scopus ID болуы міндетті.

Мәтінді, формулаларды және кестелерді теру үшін Windows жүйесіне арналған Microsoft Word редакторы пайдаланылады. Мәтін редакторының параметрлері: барлық шеті – 2 см; ені бойынша теңестіріледі; қарпі – Times New Roman, өлшемі – 12; жоларалық интервал – 1,15; абзацтық шегініс – 1 см; беттің кескіні – кітап үлгісінде.

Әдебиеттер тізіміндегі тиесілі дереккөздерге жасалатын мәтіндегі сілтемелер шаршы жақша ішінде бірінші авторы, басылған жылы, бет(тер) саны көрсетіліп рәсімделеді, мысалы:

  • [Ваджибов, 1999: 45] немесе [Ваджибов, 1999: URL];
  • Егер 2 немесе одан да көп автор болса:
    а) [Ваджибов және т.б., 1999: 45]
    ә) [Шаймерденова, Аманжолова, Бурибаева, 2021: 10];
  • Егер тікелей сілтеме жасалмаған болса: [Ваджибов, 2022]. Тізімнің қарпі – Times New Roman, өлшемі – 12, абзацтың алғашқы тармақ шегерімі – 1,25 см, жолдан жолға көшу арқылы ені бойынша теңестіріледі (Қосымша 2).

Әдебиеттер тізімі екі үлгіде: 1) мақала тілінде алфавиттік рет бойынша нөмірленбей беріледі; 2) латынша транслитерациясы, оның шеңберінде тік жақша ішінде ағылшын тіліндегі аудармасы ұсынылады (Reference үлгісін қараңыз). Талаптар ғылыми шолулар, рецензиялар мен есімнамаларға қатысты да қолданылады.

Қолжазба орфографиялық және синтаксистік қателердің болмауы мен техникалық безендіру тұрғысынан мұқият тексерілуі тиіс. Техникалық талаптарға сай келмейтін мақалалар пысықтауға қайтарылады. Пысықтауға қайтару қолжазба жариялануға қабылданған жоқ дегенді білдірмейді. Мақаланы безендіру үлгісі ХҒТАР 03.91.03 (мына сілтеме бойынша анықталады: http://grnti.ru/).

Редакцияға келіп түскен мақаланың рәсімделуі талапқа сай болса, антиплагиат бағдарламасынан өткізіледі. Тұпнұсқалылығы 80% - дан жоғары көрсеткіште болған мақала редакция құрамының қарауына жіберіледі. Ал 80% - дан төмен болған мақала автордың толықтыруына жіберіледі. Ал, екінші рет өткізілген жағдайда тиісті көрсеткіш болмаса жарияланымға қабылданбайды. (Антиплагиат бағдарламасында мақаланы алғашқы тексеру құны – 2000 тг, ал сол мақаланы қайта тексеру құны – 1500 тг). Рецензенттердің оң пікірінен соң мақала журналға қабылданып, авторға төлем жасау жөнінде хабарлама жіберіледі. Автор төлемақының түбіртегін редакцияның электронды почтасына жіберуге міндетті (khabarshy@korkyt.kz).

Мақаланың құны: филология ғылыми бағыты бойынша бір мақаланың құны 5000 теңгені құрайды.

«Philological Sciences Journal» журналының редакциясы әр номердің соңғы PDF нұсқасын университет сайтына https://vestnik.korkyt.kz және Халықаралық CROSSREF сайтына салудан бұрын әрбір авторға өз мақалаларын тексеру үшін 3 күн уақыт береді. Авторлардың пікірі, жауабы және т.б. қабылданғаннан кейін ғана журнал сайтқа салынады. Одан кейінгі авторлар ескертуі қабылданбайды және редакция қателікке жауап бермейді.

Төлем мәліметтері
Университет мекенжайы: 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29а.
«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
СТН 331000037638
БСН 960540000620
ЖСК KZ 276017201000000125
БСK HSBKKZKX
Бк-16
ТТК-859