Журналдың редакциялық саясаты және тақырыптық бағыттылығы

«Philological Sciences Journal» журналы жылына 4 рет шығады, журнал отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары туралы ақпараттарды, ғылыми конференция материалдарын, ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалаларды жарияланымға қойылатын тиісті талаптары бойынша ғылыми ақпараттарды жариялауға қабылдайды. Мақалалар келесі тақырыптық бағыттар бойынша жарияланады:

  1. Тілтану;
  2. Әдебиеттану;
  3. Оқыту әдістемесі.

«Philological Sciences Journal» журналының редакциялық саясатының міндеттері:

  • ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылатуға, озық ғылым жетістіктерін енгізу үшін ғылыми әлеуетті анықтауға ықпал ету;
  • ғалымдар мен жас зерттеушілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялау мүмкіндігін беру;
  • филология бағыты бойынша ең өзекті перспективті және қызықты бағыттарға назар аудару;
  • отандық және шетелдік ғалымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету және жарияланымдарға тарту, зерттеушілер арасында пікір алмасуларды жолға қою.

Барлық тараптардың (редакторлар, авторлар, рецензенттер) өзара қарым-қатынастары жарияланымдар әдебіне қойылатын талаптарды қадағалауға негізделеді.

Мақалаларда келтірілген нақты материалдарға авторлар жауап береді.

Рецензиялау нәтижелері бойынша теріс баға алған және журналдың редакциялық алқасымен мақұлданбаған материалдар жарияланбайды және авторларға қайтарылмайды. Редакция қабылданбаған материалдарды сақтамайды.